Хабар телеарнасы

ШЫҰ Сыртқы істер министрлері дәстүрлі кеңесте бас қосты

Президентпен кездесуден кейін Сыртқы істер министрлері дәстүрлі кеңесте бас қосты. Тоғыз елдің саяси тұлғалары жиынды 19 мамыр күні әуе апатынан көз жұмған Иранның президенті мен үкімет мүшелерін бір минут үнсіздікпен еске алумен бастады. Қаза болған әріптесінің орнына Иран сыртқы істер вице-министрі Мехди Сафар келді. Жиынның өзегі өңірлік және халықаралық проблемалар болды. Әлемде адамзатты алаңдататын мәселе көп. Әсіресе геосаяси ахуал, сыртқы күштердің әсері секілді түйткілдер қордаланған. Сондай-ақ делегаттар Беларусь елінің ұйымға қосылуын да қарастырды. Айта кетейік, осы жазда Астанада президенттердің қатысуымен саммит өтеді. Ал күзде Пәкістанда Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдерінің премьер-министрлері бас қосады.

Чжан Мин, ШЫҰ бас хатшысы:
-Ұйымға былтыр шілде айынан бастап Қазақстан төрағалық етіп келеді. Біз сіздердің елдің жұмысына оң баға береміз. Сондықтан жаздағы саммит сәтті өтеді әрі ұйымның жұмысына серпін береді деп сенеміз. Кеңес қорытындысы бойынша көпжақты қарым-қатынасымызға қатысты 22 құжатқа қол қойдық.