Хабар телеарнасы

Бакуде ТүркПА-ның XIII отырысы өтті

Бакуде түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының XIII пленарлық және Ассамблея Кеңесінің отырысы өтті. Ауқымды іс-шараға Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов пен Парламент делегациясы қатысты.

Жиынға қатысқандар жеке деректерді қорғау, еңбек нарығының талаптарына сай кадр даярлау, сауда өкілдіктері, айналымға шығарылатын өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасы және темекі өнімдерін пайдалануды шектеу туралы заң жобаларын талқылады.

Қазақстанның бастамасымен түркі бірлігін нығайту үшін парламенттік алаң ретінде құрылған ұйым 15 жылдан бері миссияны сәтті орындап келеді.