Хабар телеарнасы

Үкімет басшысы жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды

Ең алдымен, Премьер-Министр ондағы Тасөткел су қоймасын реконструкциялау барысын тексерді. Себебі бұл қойма Шу мен Мойынқұм аудандарының шамамен 35 мың гектардай суармалы жерін сумен қамтиды. Бүгінде онда бөгеттің сейсмикалық тұрақтылығы арттырылып жатыр. Едәуір жұмыс артта қалған. Нысан тамыз айында пайдалануға беріледі деген жоспар бар. Сондай-ақ Үкімет басшысы өңірдегі шаруа қожалықтарының су үнемдеу технологиясымен танысты. Әрі суармалы алқаптарды ұлғайтудың маңызды екенін атап өтті. 

Қайрат Көшенов, Жамбыл облысы әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:
-Шаруашылықтарды мемлекеттік қолдау бағдарламалары бойынша айта кететін болсақ, биылғы жылы жалпы бұл мақсаттарға 40 млрд-қа жуық теңге қарастырылған бюджеттен. Оның ішінде 20 млрд-тай қаражат тікелей субсидиялау. Қалған қаражат ол шаруашылықтарды кредиттеу, көктемгі дала жұмыстары.