Хабар телеарнасы

ШЫҰ-ға мүше елдердің экономикасы әлемдік деңгейден әлдеқайда жоғары

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің экономикасы әлемдік деңгейден әлдеқайда жоғары. Дүниежүзілік банктің мәліметі бойынша ұйымға мүше елдердің Жалпы ішкі өнімі $24,5 трлн немесе әлемдік көрсеткіштің 24% болған. Мысалы, өткен жылы жалпы ішкі өнім өсімі Үндістанда 7,6%, Қытайда 5,2%, Қазақстанда 5,1%, Өзбекстанда 6%, ал Қырғызстанда 6,2% болған. Салыстырмалы түрде айтсақ, әлемдік жалпы ішкі өнімнің орташа қарқыны 2 ,7%. Демографиялық статистикаға келсек, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдерде 3,1 миллиард адам немесе планетадағы жалпы халық санының 42,2% тұрады.