Ерлан Қарин ішкі саясат және идеология жөнінде республикалық жиын өткізді
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ішкі саясат және идеология жөнінде республикалық жиын өткізді. Басқосуда саладағы жұмысты ұйымдастыру, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту, ақпарат һәм жастар саясатын жүргізу сынды өзекті тақырыптар талқыланды. Ерлан Қарин Президент бастамасымен жүзеге асырылған реформалар және қоғамдағы өзгерістер, елімізде жаңа саяси ахуал қалыптастырғанын айтты. Мұны, ең алдымен, көзқарастардың әр алуандығынан байқауға болады. Мұндай кезеңде үйлестіру және ұйымдастыру үшін әрдайым тың тәсіл қолдану маңызды екенін еске салды. Сондай-ақ азаматтармен диалогты күшейтуді негізгі басымдық ретінде атады. Ал жиын соңында жауапты органдарға бірқатар тапсырма берді.