Хабар телеарнасы

Президент Жоғарғы Сот кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малаховты қабылдады

Кездесуде Жоғары Сот кеңесінің қызметін одан әрі жетілдіру мәселелері, атап айтқанда сот корпусын нығайтуға және жаңартуға, Сот төрелігі академиясын дамытуға, сондай-ақ судьялардың тәртіптік жауапкершілігін күшейтуге бағытталған шаралар талқыланды.

Дмитрий Малахов Сот кеңесінің рөлі күшейіп, судьяларға қатысты кадрлық мәселенің барлығы құзыретіне өткендіктен, бизнес-процестер мен конкурстық іріктеулерді цифрландыру мәселесі күн тәртібінде тұрғанын жеткізді.

Президентке кассациялық соттар келесі жылдың 1 шілдесінен жұмысын бастайтыны туралы баяндалды. Оған дейін Кеңес судьяларды іріктеп, сот құрамын жасақтайды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты міндет жүктеді.