Хабар телеарнасы

Мәжіліс төрағасы елдегі жалпыұлттық референдумға қатысты

Ерлан Қошанов елордадағы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратында орналасқан №163 референдум учаскесіне барып дауыс берді. Төменгі палата төрағасы бүгінгі референдумда мемлекеттің болашағына қатысты маңызды шешім қабылданатынын айтты.

Ерлан Қошанов, Парламент Мәжілісінің төрағасы:

- Әр адамның, әр азаматтың мемлекеттің саяси өміріне еркін араласуы. Бүгін соның нақты көрінісі деп ойлаймын. Барлық жерде халқымыз өз дауыстарын беріп жатыр. Біз ақпарат алып отырмыз, белсенділік жоғары. Әр өңірде халық келіп, дауыстарын беріп жатыр.