Хабар телеарнасы

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин референдумда таңдауын жасады

Мемлекеттік кеңесші алғашқылардың бірі болып Ұлттық кітапханада орналасқан №164 референдум учаскесінде дауыс берді. Ерлан Қариннің айтуынша, ТМД мен Орталық Азия аумағында референдум өткізіп отырған  жалғыз мемлекет – Қазақстан. Мұндай маңызды мәселе бұрын-сонды референдумда талқыланбаған.

Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі:

- ТМД кеңістігіндегі, Орталық Азияда осындай мәселе бойынша референдум өткізіп отырған жалғыз, бірден бір мемлекетпіз. Мұның өзі де көп нәрсені аңғартады. Яғни елімізде мемлекет пен қоғам, азаматтар арасында мемлекеттің болашақта дамуын анықтайтын өзекті мәселелер бойынша өзара кеңесу, талқылау жаңа саяси дәстүрі қалыптасып келе жатқандығын.