Дастан Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды
Олжас Бектенов Ұлытау облысының активіне жаңа әкім Дастан Рыспековті таныстырды. Премьер-министр мен Президент Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебай аймаққа Президент тапсырмасымен арнайы барды. Облыс мәслихаты депутаттарының жиналысында Үкімет басшысы бұған дейінгі әкім Берік Әбдіғалиұлына өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтты. Ал жаңа басшылыққа экономиканы дамыту, жаңа өндіріс орындарын ашу, инфрақұрылымды жаңғырту секілді маңызды міндеттер жүктеді. Айта кетейік, Мемлекет басшысы бұл лауазымға Дастан Рыспеков пен Ұлантай Үсеновтің кандидатураларын ұсынған. Ашық дауыс беру кезінде 64 депутаттың 49-ы Дастан Рыспековті қолдап дауыс берді.