Президент Жарлығымен 2025 жыл жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланды. Мемлекет басшысы тиісті құжатқа қол қойды. Бұл жұмысшы мамандықтарының беделін арттырып, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің реформасын жүзеге асыру мақсатында қолға алынып отыр. Президенттің тапсырмасына сай енді Үкімет Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдауы тиіс. Жарлықтың орындалуын Президент Әкімшілігі бақылайды. Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.