Е.Қарин: Президент сұхбаты – саяси дәстүр
Мемлекет басшысының жыл басында сұхбат беруі жаңа саяси дәстүрге айналып келеді,-деп жазды Мемлекеттік кеңесші өзінің телеграм парақшасында.
Ерлан Қарин: Президент «Ana tili» газетіне сұхбатында өткен жылды қорытындылап, бірыңғай уақыт белдеуі, атом электр стансасы, доллар бағамы, Талғар оқиғасы, кезектен тыс сайлау өткізу ықтималдығы мен қоғамдағы көкейтесті мәселелер туралы айтты. Бұл сұхбаттағы негізгі ой – елімізде ауқымды әрі жан-жақты реформалар жалғасады, алда атқарылатын жұмыс көп, сын-қатерге толы кезеңде күш-жігерімізді біріктіріп, қоғамның береке-бірлігін сақтай білу керек, - деп атап өтті.
Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі:
- Жалпы сұхбатта ішкі саясаттың 2025 жылға арналған күн тәртібі анықталған. Мұндай тәсіл мемлекеттік органдар үшін де, қоғам үшін де тиімді, себебі мемлекет саясатының мақсаттарын терең түсінуге септігін тигізеді. Биліктің елімізді одан әрі дамытуға қатысты ұстанымын көрсетеді.