Депутаттардың өңірлерге сапары қорытындыланды
Сенат депутаттарының өңірлерге сапары қорытындыланды. Сенаторлар жергілікті халықты алаңдатқан өзекті мәселелерді назарына алды. «Түйіні тарқалмай тұрған мәселелер Парламентте көтерілу керек»,– деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев. Сонымен қатар Палатаның бюро отырысында алдағы уақытта талқыланатын іс-шаралар сөз болды. Атап айтсақ, денсаулық сақтау, салық жүйесі, ауыл шаруашылығын жолға қою, шекаралық өткізу пункттерін салу сынды өзекті мәселелер назарда болады.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
-Азаматтарымыздың айтқан мәселелерінің барлығы алдағы уақытта біздің жұмысымызда толыққанды ескерілуі керек. Алдағы уақытта тиісті депутаттық сауалдар болатын шығар деп ойлаймын. Сондай-ақ енді заңдармен жұмыс кезінде де біраз енді нормаларға қатысты да өзіміздің пікірлерімізді білдіре жатармыз. Президентіміздің тапсырмалары бар, халықтың көтеріп жатқан мәселелері бар.