Руслан Желдібай Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымына Руслан Желдібай тағайындалды. Ол бұрын атқарған қызметінен босатылды. Айта кетейік, Руслан Сұлтанұлы бұған дейін Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болған еді.