Елімізде таеквондо туы желбірейді. Спорт жаңалықтары

  • 10
  • 24.10.2025, 19:45

Мұстафа Өзтүрік туын тіккен спорт түрінен тағы бір жағымды жаңалық келіп түсті. 2027-ші жылғы әлем чемпионаты тұңғыш рет қазақ жерінде өтетін болды. Бұл байрақты бәсекенің маңызы зор. Себебі олимпиада ойындарына ұпай беретін жауапкершілігі мол жарыс. Сондықтан әлем елдері осынау дүбірлі додаға талас тудырғаны анық.

Дүниежүзілік таеквондо федерациясының Қазақ елін таңдауы бекерден бекер емес. Осы жылы «Қазақстан Оупен» жарысын өте жоғары деңгейде ұйымдастырып, жаңа технологияны жан-жақты қамтыған біздің елдің мамандары нық сенімге ие болды.

Құдірет Шамиев, ҚР Таеквондо федерациясының президенті:

Осылайша тек Қазақстан емес, дүнижүзілік дода Орта Азия елдерінде тұңғыш рет ұйымдастырылмақ. Бұл ел спорты үшін үлкен мәртебе! Әлем чемпионатын Астана қаласы қабылдайды деген ақпар бар. Ал Қытайдың Уси қаласында кезекті әлем біріншілігінің жалауы желбіреді. Осы сында қазақ елінің ұл-қыздары жүлделі орынға қол созады деген үміт бар.

Болашақ әскери спортшылар ант берді

Елімізде әскери спорттың әлеуеті жоғары. Биыл қазақ күресінен тұңғыш рет әлем біріншілігі ұйымдастырылса, келер жылы Бесінші дүниежүзілік кадеттер ойындары да біздің елде өтетіні белгілі болды. Осынау дүбірлі додағы әскери спортшылар қазірден бастап дайындыққа кірісті.

Алматыда ашылған Бауыржан Момышұлы атындағы әскери-спорт колледжінде талантты жастар тәрбиеленіп жатыр. Батыр есімін иеленген оқу орнында бірінші курс тәрбиеленушілері «Ұлан анты» салтанатты рәсіміне қатысып, ата-аналары мен туған туыстарының және әскери мамандардың алдында ант берді. «Жас ұландардың патриоттық рухын қалыптастырып, Отан алдындағы жауапкершілікті ұғындыру мақсатында бұл өте маңызды шара», - дейді мамандар.

Берден Ақпанбеков, әскери- спорт колледжінің басшысы:

Салтанатты іс-шараға 140 курсант қатысып, Отанына және халқына адал болуға ант беріп, спорттық жарыстарда ел абыройы үшін аянып қалмайтындарын жеткізді.

Мағжан Жұмабай, әскери-спорт колледжінің 1 курс тәрбиеленушісі:

Батыр Бауыржан Момышұлы атындағы әскери-спорт колледжі ерлік пен батылдықты, темірдей тәртіп пен биік рухты талап етіп, болашақ мықты әскери мамандарды дайындап шығуды мақсат етеді.