Хабар телеарнасы

Қазақстандық төрт спортшы әлемдік рейтингте үздіктер қатарына енді

kazakstandyk spotshylar

Аталған рейтингте қазақстандық спортшылар да бар.  65 келіде әлем чемпионатының финалисі Дәулет Ниязбеков рейтингте үшінші орында келеді. Ол Ресей және Үндістан балуандарынан кейінгі шепте тұр.

70 келідегі әлем чемпионатының күміс жүлдегері Нұрғожа Қайпанов та алғашқы үштікте. Жас балуан Ресей мен Польша спортшыларының ізімен келеді.

74 келіде Азияның екі дүркін жеңімпазы Данияр Қайсанов үшінші орында тұр. Данияр Қайсанов әйгілі Франк Чамизо (Италия) мен ресейлік Заурбек Судаковтан аз ғана ұпайға қалып қойған.

79 келідегі Ғалымжан Өсербаев рейтингтің үшінші сатысында. Бұл салмақта АҚШ пен Әзербайжан балуандары көш бастап тұр.