«Манчестер Сити» Чемпиондар лигасына қатысатын болды
Бұл туралы соттың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды Prosports.kz.
Естеріңізге сала кетейік, қыста УЕФА «Манчестер Сити» клубының қаржылық алаяқтық жасап, шығындарын жасыру үшін демеушілік келісімшарттардан төленген төлемдерді қасақана асырып көрсеткенін хабарлаған болатын. Осы әркеті үшін шенеуніктер англиялық команданы 2020/2021 және 2021/2022 маусымдарда Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасынан шеттетіп, 30 млн еуро көлемінде айыппұл салу туралы шешім қабылдаған болатын. Осыдан кейін «Манчестер Сити» апелляциялық шағым түсірді. Олардың шағымы ішінара орындалып отыр. Енді олар еуропалық жарыстарға қатыса алады. Бірақ 10 млн еуро айыппұл төлеуге тура келеді.