Хабар телеарнасы

IV Азия Пара ойындарының жеңімпаздары марапатталды

Үкімет үйінде IV Азия Пара ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды. Байрақты бәсеке қазан айында Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен. Қазақстаннан аталған жарысқа спорттың 14 түрінен 131 параспортшы қатысып, құрама елімізге 41 медаль алып келді. Ал олардың 8 алтын, 12 күміс және 21 қола медаль. Медаль саны бойынша Қазақстан 44 қатысушы ел арасында 11 орынға көтерілді. Кездесу барысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатын оқып, қазақстандық паралимпиада ойыншыларын өткен Пара ойындарындағы жарқын жеңістерімен құттықтады.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
- Саңлақ спортшыларымыз мемлекетіміздің мерейін асырып, абыройын асқақтатты. Біз оларды жас ұрпаққа үлгі етеміз. Біз сіздерді үлгі етеміз. Қазақстандықтар сіздердің жеңістеріңізді мақтан тұтады.

Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі:
- Бұл – өте үлкен жетістік. Себебі алдыңғы Пара Азия ойындарында алтын медаль біздің құрамада жалпы болған жоқ. Жекелей сында мен өзім алтын медаль жеңдім.  Қуаныштымыз, әрине, Қазақ еліне осындай қуаныш сыйлағанымызға. Жанкүйерлер көптеген жылы сөздер айтты.