Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында күрес түрлерінен ел біріншілігі өтеді
1-5 ақпан аралағында Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында күрес түрлерінен ел біріншілігі өтеді. Мамандар бұл сынға Ұлттық құраманың барлық мықтылары қатысады деп отыр. Тек грек-рим күресінде Париж олимпиадасына жолдама алған Нұрсұлтан Тұрсынов қана жеке жоспар бойынша жаттығып жүргендіктен, жарыстан босатылыпты. Ал өткен жылы қазақ жанкүйерлерін риза қылған Ризабек Айтмұқан 97 келіде белдеседі.