Елде тиімсіз спорт түрлерін қаржыландыру қысқарады
Мәжіліс депутаттары осы мәселе бойынша заң жобасын талқылады.
Қазір елімізде 184 спорт түрі бюджеттен қаржыландырылады. Бұл тым көп. Салыстырмалы түрде айтсақ, Ресейде 31 спорт түрі, Германияда 15, Нидерландта 20, Өзбекстанда 17 спорт түрін дамытуға көңіл бөлінеді.
Біздің тізім он есе үлкен бола тұра, халықаралық жарыстар мен олимпиадалардағы нәтижеміз өте төмен. Ақшаны текке ысырап қылғанша, басымдық беретін спорт түрлерін таңдап, қалғанын қаржыландыру тізімінен шығару қажеттігі біраздан бері айтылып жүр. Енді оны заң жүзінде бекіту процесі басталды.
Таңсауле Серіков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- 180 ішіне кіретін спорттар. Пеншак, силат, биатл, триатл, пинтак, тикбол, унифай, спорттық рыбалка, кейбір түрлерін өзі Қазақстан біле ме екен өзі бұл қандай спорт екенін? Сосын трубаға мініп алатын стриптиз көрсететін спорттың аты қанадай еді? Ол да жүр ортасында.
Серік Жарасбаев, ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары:
- Қазіргі уақытта жылына 30-40 спорт түрі қысқарып отырады. 26-27 жылға дейін олар жартылай қысқартылады. Қазір 180 болса, 27 жылға 60-70 спорт түрі қалайын деп тұр.