Хабар телеарнасы

Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Шераза кездесуі мүмкін

Бұндай мәлімдемені британиялық боксшының промоутері Фрэнк Уоррен жасады. «Жекпе-жекті ұйымдастыру қиын емес. Ең бастысы – Жәнібектің рұқсаты керек»,— дейді ол. «Қазақстандық боксшы үнемі қарсыластар кездесуден қашатынын айтады. Ал енді лайықты деңгейде жұдырықтасатын адам табылды. «Егер расымен дайын болса, шаршы алаңға шықсын»,— дейді Уоррен. Хамза Шераза кәсіби рингте 31 жекпе-жек өткізіп, 25-інде жеңіске жеткен. 20-сын нокаутпен аяқтаған.