Қонаевта армрестлингтен дене мүмкіндігі шектеулі спортшылар бақ сынасты
Қонаев қаласында армрестлингтен дене мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында Алматы облысының біріншілігі басталды. Ол қимыл қозғалысы мен көру, есту қабілеті нашар, жасы 16-дан асқан азаматтар арасында өтіп жатыр. Қатысушылар екі жас ерекшелігі бойынша сынға түседі. Жарысқа Алматы облысының аудандары мен Қонаев қаласынан 100-ден астам спортшы қатысуда. Жарыстың басты мақсаты - мүгедектігі бар жандарды оңалту және әлеуметтік тұрғыдан қалпына келтіру. Облыстық біріншілік жеңімпаздары 4-і мен 9 наурыз аралығында өтетін ел чемпионатына жолдама алады.
Нұрдәулет Құлсейітов, Облыстық дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорт дирекциясының басшысы:
-Жарыстың негізгі мақсаты — Алматы облысының құрама командасын жасақтау. Жеңімпаздар ел чемпионатында Тараз қаласында өнер көрсетеді. Алматы облысының қол күрес спортшылары жақсы деңгейде. Бұлар ел чемпионатына қатысып, 40 жолдама ұтып, әлем чемпионатына қатысқан болатын. Спортшыларымызға үлкен сенім білдіреміз.