Саттарханов турнирі аяқталды. Спорт жаңалықтары
Бүгін құйрықты жұлдыздай жарқ еткен саңлақ спортшы Бекзат Саттархановтың туған күні. Олимп шыңын бағындырған боксшының құрметіне жыл сайын халықаралық турнир өтеді. Биылғы бокс бәсекесінің финалы Бекзаттың туған күнімен тұспа-тұс келді. Түркістан қаласындағы шаршы алаң сайысында Саттархановтың салмағында Ерәділ Ұзақбай топ жарды. 60 келіде Ғалымжан Ермекбаев жеңіске жетті. Ахмет Үсен, Бақтияр Аскертаев, Диас Берікбай, Біржан Нұрымбетов және Дәулет Данияр өз салмақтарында чемпион атанды. Жастар арасындағы 22-ші халықаралық турнирде алғаш рет қыздар да жүлдеге таласты.