Хабар телеарнасы

Теңге ілуден жастар арасындағы Қазақстан біріншілігі мәреге жетті

Теңге ілуден жастар арасындағы Қазақстан біріншілігі мәреге жетті. Осымен 18-ші рет жалауы желбіреген жарысқа еліміздің 10 облысы мен 2 қаласынан 35 спортшы қатысты.

Алматы облысының «Қобыланды» ипподромында ат құлағында ойнайтын жігіттер теңге ілудің үш түрі бойынша сынға түсті. Нәтижесінде «Бес белес» түрі бойынша шымкенттік Ұлағат Амангелді алдына жан салған жоқ. «Қос құлашта» түркістандық Арнұр Шалқар топ жарса, «Жеті құт» сайысында Мейіржан Жұмаш жеңімпаз атанды.

Нұрәлі Ерсін, Алматы облысының спортшысы:
- «Қос құлаш» стилі бойынша екінші орын алдым.
Бұл жарысқа спортсмендер жақсы дайындалған. Қарсыластарымыз өте мықты. Чемпион болуға болатын еді, сәтсіздіктер болды.