Спортпен жүйелі түрде айналысатындардың саны артып келеді
Бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізу. Спорттық медицина және ғылым саласында тәжірибе алмасып, әріптестікті арттыру. Алматыда өткен Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт саласына жауапты министрлік басшыларының кеңесінде осы мәселелер талқыланды. Еліміздің Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев спорт – Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы аясындағы өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті. Қазір елімізде дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатындар ел халқының 40% жетті. 240 мың бала мен жасөспірім 7 мыңнан астам спорт секциясына тегін барады. Ермек Маржықпаев әріптестерін биыл күзде Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысуға шақырды.
Ермек Маржықпаев, ҚР Туризм және спорт министрі:
-Елімізде бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамытуға ерекше көңіл бөлінген. 11 спорт түрі бойынша үйірмелер ашылды. Қыркүйектің 8-13 аралығында елімізде Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Бұл ауқымды іс-шара этномәдениетті, спорт пен туризмің дамуына әсер етері сөссіз. Оған 100-ге жуық мемлекеттің өкілдері келеді деген жоспар бар.
Чжан Мин, Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы:
-Кеңесте спорт саласын дамытуға қатысы ортақ мәселелерді талқылап, пікір алмастық. Бірқатар келісімге келдік. Түрлі спорттық іс-шара өткізу жөнінде ұсыныстар айтылды. Оларды ұйымдастыру жөніндегі бастамаларды қолдаймыз.