Елордада боччадан ел чемпионаты басталды
Астанада паралимпиадалық боччадан ел чемпионаты басталды. Оның ашылу рәсіміне Қазақстан бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев қатысты.
Жарыста жекелей сыннан бөлек, алғаш рет командалық және жұптық сайыстар өтеді. Биылғы спорт додасына қатысуға 12 өңірден 100 жуық спортшы өтінім беріпті. «Бұл былтырғыдан екі есеге көп»,- дейді ұймдастырушылар.
Инклюзивті спорт түрлерімен айналысушылар халықаралық сайыстарға да қатысып жүр. Жақында Финляндияда өткен жарыста жерлестеріміз алғашқы үштіктен көрінген еді.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының президенті:
- Бочча Қазақстанда қарқынды дами бастады деп айтсақ, артық болмайды. Бүгінгі күні 10 облыста боччадан өңірлік федерациялары жұмысын бастады. Өздерінің командаларын алып келіп, осы чемпионатқа қатысуда. Осы біздің чемпионатымыз өте жоғары деңгейде өтетініне толықтай сенеміз.