Хабар телеарнасы

Алматыда С.Нұрмағамбетовті еске алуға арналған турнир мәресіне жетті

Алматыда Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовті еске алуға арналған халықаралық турнир мәресіне жетті.

Бір аптаға созылған дәстүрлі жарыс биылда тартысқа толы болды. Әдетте қазақ-өзбек боксшылары атой салып жататын. Биылғы турнирге тәжіктер үлкен дайындықпен келіпті. Күміс пен қоладан бөлек екі алтын алып қайтты.

60 келіге дейінгі салмақта Акмал Убайдов топ жарса, 92 келіге дейін Парвиз Кәрімов чемпион атанды. Сондай-ақ қырғызстандық Омар Ливаза 63,5 келіде жеңіске жетсе, армениялық Накобкохан Харутун 67-де олжалы болды.

Өзге салмақта қазақ боксшыларының шоқтығы биік болды. Жарыстың өте жоғары деңгейде өткенін өзбек жігіттері де мойындап отыр. Қоланы қанағат тұтқан Сохибжон Садикжонов: «Нұрмағамбетов турнирінде осал боксшы болған жоқ. Қоланың өзі үлкен қиындықпен келді. Келер жылы бұл жарысқа жоғары дайындықпен келіп, топ жаруға тырысамын», - деді.    

Арман Әбеуов, ҚР Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы:    
- 27-ші рет Қорғаныс министрлігі осындай халықаралық жарысты ұйымдастырып жатыр. Жарыстың ерекшелігі
биыл 7 мемлекет осы біздің жарысқа қатысып жатыр. Және де Қазақстан Республикасының 21 құрама командасы қатысып отыр. Осындай жарыстың арқасында бізде жаңа аттар шығып жатыр. Армия спортшыларының жаңа аттары шығып жатыр.