Хабар телеарнасы

Алматыда заңсыз салынып жатқан құрылыс тоқтатылды

Алматыда тағы бір заңсыз салынып жатқан құрылыс тоқтатылды. «Graff» тұрғын үй кешені бұзылатындығын қала құрылысын бақылау басқармасы хабарлады. Бостандық аудандық соты көппәтерлі үйді сүру туралы шешім шығарған. Естеріңізге сала кетейік, Алматыда осындай заңсыз құрылысқа бақылауды күшейту мақсатында былтырдан бері 40 нысан бұзылған. Оның қатарында «Мечта», «KHAN», «Алма Гарден» сияқты кешендер бар. Кей ғимараттар жартылай бұзылған. Ал «Graff» кешені мегаполистің «Ерменсай» шағынауданында орналасқан. Ондағы үш жер учаскесінде құрылыс тиісті рұқсат құжатынсыз салынған.