Амангелді Сейітхановты еске алуға арналған республикалық турнир өтті
Алматыда БАҚ өкілдерінің мерекесіне орай бильярдтан Амангелді Сейітхановты еске алуға арналған дәстүрлі республикалық турнир өтті. Жыл сайын Астанада ұйымдастырылып келген турнирдің биыл Алматыда өтуі бекер емес еді. Қазақ спортының қайрағы, жалындаған жастық шағын және еңбек жолындағы өмірінің басым көпшілігін Алатау баурайында өткізген. Марқұмның туған-туыстары мен жора жолдастары, аға-бауырлары мен әріптестерінің барлығы жарыстың басы-қасынан табылып, турнирдің жоғары деңгейде өтуіне атсалысты.
Қайнар Олжай, ардагер журналист:
- Бүкіл қазақ Амангелдіні жақсы көретін. Бүкіл қазақ Амангелдінің әрбір сөзін есте сақтайтын. Амангелдінің «Жеңісті күндерде жүздескенше!» деген тарихи сөзі қазір ұранға айналып кетті. Бүкіл спортшылардың арасында ұран болды. Сондықтан мына Амангелдінің турнирі - өте қажет турнир.
Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Бұл жарыстың мақсаты - біріншіден, Аман бауырымыздың істегенін, еңбегін, өмірін еске алу. Бұл керемет журналист, мықты спорт комментаторы еді. Оны жақсы көретін, сыйлайтын бірталай ұстазы, әріптесі болған. Жаңа біразын айттық.
Командалық жүйе бойынша өткен жарысқа тастаяқтың нағыз сен тұр мен атайын мықтылары жиналды. Бағы жанғандар топ жарды. Тек қана жеңімпаздар емес жарысқа қатысушылардың барлығы қаржылай және бағалы сыйлықтарға ие болды. Жарыс аясында Амангелді Сейітханов жайлы жылы естеліктер айтылып, жарысқа қатысушылар Жеңісті күндерде жолығайық деп тарқасты.