Сметовтің анасы: Елдос – біздің емес, елдің баласы
Әлемнің кіл мықтылары бас қосқан Олимпиаданың бірінші күнінде-ақ дзюдошы Елдос Сметов ел қоржынына алтын жүлде салып, алты алашты дүр сілкіндірді.
Татами төрінде жасындай жарқылдаған тараздық тарланға жанкүйер болып, тақым қыспаған қазақ жоқ шығар. Осы тұста ең алдымен Елдостың бірінші жанкүйерлері ата-анасы мен туған-туыстары екенін де айта кету керек. Осыған орай Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтің үйіне арнайы ат басын бұрып, әкесі Бақтыбай мен анасы Тоқтагүлдің жеңістен кейінгі әсерлерімен бірге бөлістік.
Тоқтагүл Сметова, анасы:
- Күресетін 5 минут маған бір ұзақ уақыт боп кетеді де, өтпей қояды. Жаңа Елдос күресіп жатқан кезде мен времянкада жүрдім, бір Аллаға сыйынып. Біздің баламыз емес, елдің баласы. Еліміздің көк туын көкке көтеріп. Мына Қазақстанды білмейтін елдер бар екен. Елімізді әлемге танытып отыр.