Хабар телеарнасы

Жәнібек Әлімханұлы 4 қазанда шаршы алаңға шығады. Спорт жаңалықтары

Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы 4-ші қазанда шаршы алаңға шығады. Қазақ жігіті екі бірдей тұжырым бойынша әлем чемпионы атағын жаңа зеландиялық Андрей Михаиловичпен сарапқа салады. Екі боксшы арасындағы жекпе-жек Австралияның Сидней қаласында өтеді. Бұл кездесу жазда өтуі тиіс еді. Алайда Жәнібек салмақ қуу кезінде денсаулығы сыр беріп, жекпе-жек кейінгі шегерілген болатын. Әлімханұлы соңғы рет былтыр қазан айында жұдырықтасты. Жерлесіміз неміс Винченцо Гуальтьериде н басым түсіп, IBF, WBO тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионы атанды.   

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы 11-13 қазан күндері Әбу-Даби қаласындағы Grand Slam жарысына қатысады. Бұл бәсекеге ерлерден 9, қыздардан 3 балуан барады. Мағжан Шамшадин, Дәурен Сүйеукенов, Әділбек Берікұлы және Дархан Қойбағар, Ермек Амангелді татамиге шығады. Жалғас Қайролла, Руслан Мұсаев, Әділет Сапарғалиев, Мәди Еділбаев та Абу-Дабиде бағын сынап көреді. Әйелдер арасында Есмигүл Күюлова, Назгүл Маратова және Карина Такиева сынға түседі.  

Футзалдан ұлттық құрамамыз осы елдің командасымен ойнайды. Ташкенттегі «Хумо Аренада» Кака бастаған қазақ жігіттері әлем чемпионатындағы шешуші кездесуін өткізеді.

Қазір Қазақстан футзал құрамасы екі матчтан кейін 4 ұпаймен өз тобында екінші тұр. Жаңа Зеландия анау айтқандай мықты команда емес. Дегенмен біздің ойыншылар топта бірінші орын алуды көздейді. Маңызды матчқа Дәурен Тұрсағұлов та қатысады. Ұлттық құрама футболшысы Испанияға қарсы ойында қызыл қағаз алғаны белгілі. Ал пиреней түбегінен келген командаға гол соққан Біржан Оразов жарақатына байланысты ертеңгі кездесуге шықпауы мүмкін. Қазақстан мен Жаңа Зеландия арасындағы ойын кешкі 17:30-да басталады. 

Қанат Базылхан