Үстел теннисі: Қазақстан ерлер құрамасы ширек финалдан аса алмады
Астанада үстел теннисінен 27-ші Азия біріншілігі жалғасуда. Қазақстан ерлер құрамасы ширек финалдан аса алмады. Жартылай финалға шығатын жақсы мүмкіндік болған. Жергілікті жанкүйерлердің алдында жігіттер бар шеберліктерін көрсетті. Тек Кирилл Герасименко ғана бапкерлер сенімін ақтай алмады. Үш бірдей Олимпиада ойындарына қатысқан тәжірибелі теннисшіміз бір емес, екі рет ұтылды. Оның қасында 17 жастағы Алан Құрманғалиев жарап тұр. Жақында ғана Сауд Арабиясында өткен халықаралық турнирден олжалы қайтқан жерлесіміз елорда төрінде де бар шеберлігін көрсетіп таразы басын теңестірген. Бірақ Құрманғалиевтің еңбегі еш кетті. Жауапты сәтте жүйкесі сыр берген Герасименко ұлттық құрама жігіттеріне қол ұшын бере алған жоқ. 3:1 есебімен жеңіске жеткен Үндістан жартылай финалда.