Хабар телеарнасы

Қарағандыда бокстан халықаралық турнир басталды. Спорт жаңалықтары

Қарағандыда бокстан жасөспірімдер мен қыздар арасында халықаралық турнир басталды. Лондон олимпиадасының чемпионы Вэлл баркер кубогының иегері Серік Сәпиевтің жүлдесіне арналған жарысқа жерлестерімізден бөлек Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Грузия мен Ресейден жеткіншектер келді. Жалпы саны 300-ден аса былғары қолғап шебері 19 салмақта кім мықтыны анықтайды. Дәстүрлі турнирдің ашылу салтанатына Серік Сәпиев бастаған қазақ спортының саңлақтары қатысты. Олардың арасында бокстан әлем чемпионы Мерей Ақшалов, олимпиада ойындарының жүлдегері Серік Елеуов және жеңіл атлет Дмитрий Карпов бар. Халықаралық бокс бәсекесі 22 қарашада аяқталады.

Семсерлесуден Қазақстан құрамасы әлем кубогы кезеңіне аттанды.

Канаданың Ванкувер қаласында өтетін сайысқа Ерлік Сертай, Руслан Құрбанов, Элмир Әлімжанов және Вадим Шарлаимов қатысады. Ерлер командасы семсерлесуден әлемдік рейтингте төртінші орынға көтерілді. Біздің жігіттер биылғы маусымды сәтті бастап, Швецариядағы әлем кубогы кезеңінде жалпы есепте үздік ондықтан көрінді. Енді үйеңкі жапырақты елде жүлделі орынға таласады. Ванкувер қаласындағы нояндар сайысы 21-24 қараша аралығында өтеді.