Хабар телеарнасы

IX қысқы Азия ойындарына Қазақстаннан 138 спортшы қатысады

Қытайда өтетін IX қысқы Азия ойындарына Қазақстаннан 138 спортшы қатысады.

Харбинге баратын ұлтық құрама мүшелерінің жартысынан астамы Астана мен Алматы қалаларынан және Шығыс Қазақстан облысынан шыққан спортшылар.

Үкіметте Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов команданың дайындығы туралы баяндады. Министрдің айтуынша, ұлттық құрама спортшылары 137 рет оқу-жаттығу жиынын өткізіпті. Олар Азия ойындарында 6 спорт түрінен сынға түседі. Дүбірлі додаға 32 елден 1 мыңнан астам спортшы қатыспақ. Жалпы Қазақстан 1996 жылдан бері қысқы Азия ойындарында үздік төрттіктің қатарынан көрініп келеді. Биыл да үмітіміз зор, - дейді ведомство басшысы.

Ал Азия ойындарына спортшыларды шығарып салу рәсімі 30 қаңтар күні Астанадағы «Қазақстан» жеңіл атлетика спорт кешенінде өтеді.

Ербол Мырзабосынов, ҚР Туризм және спорт министрі:

- Болжам жасау өте қиын. Дегенмен біраз жұмыс атқардық. Жалпы алғанда біз мына конькимен жүгіру, биатлон, шаңғы спорты, шорт-тректен жақсы нәтиже береміз деп күтілуде. Ол болжамды біз осы Азия ойындарына дейін болған жарыстарға қарап жасап отырмыз.