«24KZ» телеарнасы Жаңалықтар бөлімінің II санаттағы (орыс тілді) тілшісі
(тұрақты)
Локация
Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4
Жұмыс тәртібі
бес күндік
Жұмыс сипаты
Еңбек ақы
Әңгімелесу кезінде
Негізгі лауазымдық міндеттері
1) алдағы іс-шаралар туралы ақпарат алу үшін мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен уақтылы және сапалы байланысты қамтмасыз етеді;
2) елімізде және әлемде болып жатқан оқиғаларға жедел әрекет етеді;
3) оқиға орнына, оның ішінде негізгі жұмыс орнынан тыс жерге де түсірілім үшін уақтылы барады;
4) Интернет-жобалар департаментімен өзара әрекеттеседі, ақпаратты сайтқа жедел орналастыру үшін уақтылы жолдайды;
5) оқиға орнына келгеннен кейін ақпарат жинауға кіріседі, Қоғамның тиісті құрылымдық бөлімшесінің түсірілім тобының, телеоператорлар мен жарық қоюшыларының жұмысын ұйымдастырады;
6) алынған ақпараттың шынайылығын уақтылы және сапалы тексереді;
7) берілген тақырып бойынша қосымша ақпарат алу үшін жаңалық материалдарын дайындау кезінде Телеарна продюсерімен өзара әрекеттеседі;
8) мәтінді уақтылы шығарушы редакторға немесе Бөлімнің бас редакторына бекітуге ұсынады, монтаждауға кіріседі;
9) материалды монтаждауға дайындықты DALET GALAXY жүйесінде (сұхбат үзіндісі) дербес жүзеге асырады;
10) өз бастамашыл материалдарын уақтылы және сапалы дайындайды;
11) бейнематериалды дайындау кезінде тілдің грамматикасы мен стилистикасы талаптарын ұстанады, дикция қағидаларын басшылыққа алады;
12) Жұмыс берушінің телеөнімдерін өз аккаунттарында міндетті түрде қосымша хабарландыруды, оның ішінде мәтіндік немесе бейне-анонстар жариялау және әлеуметтік желілерде контентті талқылау арқылы Жұмыс беруші мен оның БАҚ-тың әлеуметтік желілердегі танымалдылығын арттыруға ықпал етеді;
13) креативті стендаптар, тікелей қосылымдар жазуды қамтамасыз етеді, студиялық эфирлерге қатысады және жүргізушілермен өзара әрекеттеседі;
14) негізгі тұлғалармен сұхбат жүргізеді, эфирдегі өзгермелі жағдайларға бейімделе алады;
15) редакциялық стандарттар мен мәтін, бейнематериалдар және монтажбен жұмыс істеу тәсілдерін меңгереді және қолданады;
16) қажет болған жағдайда таңғы, күндізгі және түнгі жаңалықтар шығарылымдарға мәтіндерді уақтылы және сапалы редакциялайды және сюжеттерді дыбыстайды;
17) эфирге жіберілетін материалдарды коммерциялық жарнамаға қатысты уақтылы бақылайды.
Үміткерлерге қойылатын талаптар
Білімге қойылатын біліктілік талаптары
Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім. Әлеуметтік ғылымдар магистрі дәрежесінің болғаны жөн.
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын біліктілік талаптары
БАҚ саласындағы жұмыс өтілі кемінде 1 жыл. «Журналистика» мамандығы бойынша жоғары білім болған жағдайда жұмыс өтілі бойынша талап қойылмайды.
Тілдерді білу деңгейі
Қазақ, орыс тілдерін еркін білу
Компенсациялық пакет:
- ай сайынғы тұрақты еңбекақы;
- кәсіби өсу;
- компания есебінен оқу;
- мемлекеттік және кәсіби мерекелерге сыйлықақылар;
- сауықтыруға біржолғы жәрдемақы төлей отырып, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы;
- біржолғы төлемдер / материалдық көмек;
- корпоративтік іс-шаралар.
Пікір айту қағидалары.
Құрметті үміткер
Егер сіз бос жұмыс орнының сипаттамасында мәлімделген біліктілік талаптарына сәйкес болсаңыз, түйіндемені қабылдау: cv@khabar.kz.
Хаттың тақырыбында сіз өтініш білдірген бос орынның атын көрсетуді сұраймыз.
Сұрақтар туындаған жағдайда «Хабар» Агенттігі» АҚ HR Департаментіне электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз: cv@khabar.kz немесе телефон арқылы: +7 (7172) 757 495.
Тілдері білу деңгейі
Қазақ, орыс тілдерін еркін білу.
- тұрақты еңбекақы;
- компания есебінен оқыту;
Сұрақтар туындаған жағдайда сіз «Хабар» Агенттігі» АҚ-ң HR департаментіне электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз: cv@khabar.kz немесе телефон арқылы: +7 (7172) 757 495.