Өндірістік дирекциясы ТЖК бөлімінің II санатты телеоператоры (тұрақты)

  • 10
  • 08.01.2026, 14:27

 

Өндірістік дирекциясы ТЖК бөлімінің II санатты телеоператоры (тұрақты)

Локация

Астана  қаласы, Қонаев  көшесі, 4

Жұмыс тәртібі

Бес күндік

Жұмыс сипаты

Бес күндік

Еңбек ақы

Әңгімелесу кезінде

Үміткерлерге қойылатын талаптар

Білімге қойылатын біліктілік талаптары

Жоғары білім, орта кәсіптік білім

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын біліктілік талаптары

Телевизия саласында оператор лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.

Тілдері білу деңгейі

Қазақ, орыс тілдерін еркін білу

Негізгі лауазымдық міндеттері

1) түсірілім кезінде жазу сапасын бақылай отырып, телевизияда қойылатын  талаптарға сәйкес түсірілген бейнематерииалдың сапасы мен санына жауап береді;

2) автордан, тілшіден нақты тұжырымдалған түсірілім тапсырмасын талап етеді;

3) егер жеткіліксіз жарық жағдайлары мен шудың кедергісі техникалық ақауға әкелсе, сюжетті түсіруге кедергі келтіреді, бірақ бұл құқық форс-мажорлық жағдайларға және ерекше маңызды сюжеттерді түсіруге қолданылмайды;

4) әртістер мен бағдарламаларға қатысушылардың телесынамаларын, сондай-ақ жарықтың, гримнің, кейіпкерлердің костюмдерінің арнайы сынамаларын түсіреді, трансляцияларды өткізу үшін спектакльдерді, концерттерді, алдын ала қарауға қатысады;

5) тікелей эфир және бағдарламаларды жазу кезінде студия операторы, ЖТС телеоператоры функцияларын орындайды, сондай-ақ іссапарларға және ТЖК түсірілімдеріне шығып тұрады;

6) түсірілімге шыққан кезде Бөлімнің жарық берушілерінің жұмысын, әсерлердің сапасын, жарық пен түс бейнесін бақылайды;

7) студияны монтаждау инженерлерімен бірлесіп тікелей эфирге немесе жазуға дайындықты жүзеге асырады;

8) түсірілімнен оралғаннан кейін түсірілген материалдың саны мен сапасы туралы тілшіге хабарлайды;

9) шығу алдында қажетті аппаратураның (камера, микрофон, батареялар, тасымалды жарықтандыру және т.б.) жарамдылығы мен жұмысқа қабілеттілігін бақылайды;

10) трактілік репетицияларды, түсірілімдерді, оның ішінде тікелей эфирді өткізу үшін қажетті операторлық техникаға өтінімдерді айқындап жасайды;

11) түсіру процесінің технологиясын жетілдіру және операторлық ақаудың алдын алу шараларын қолданады.

 

- тұрақты еңбекақы;

- кәсіби өсу;

- компания есебінен оқыту;

- мемлекеттік және кәсіби мерекелерге сыйлықақылар;

- сауықтыруға біржолғы жәрдемақы төлей отырып, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы;

- біржолғы төлемдер / материалдық көмек;

- корпоративтік іс-шаралар.

Пікір айту қағидалары.

Құрметті үміткер

Егер сіз бос жұмыс орнының сипаттамасында мәлімделген біліктілік талаптарына сәйкес болсаңыз, түйіндемені қабылдау: cv@khabar.kz.

Хаттың тақырыбында сіз өтініш білдірген бос орынның атын көрсетуді сұраймыз.

Сұрақтар туындаған жағдайда сіз «Хабар» Агенттігі» АҚ-ң HR департаментіне электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз: cv@khabar.kz немесе телефон арқылы: +7 (7172) 757 495.