Халықаралық ынтымақтастық, дистрибуция және сатып алу департаментінің контентті сатып алу жөніндегі менеджер

  • 6
  • 15.04.2026, 11:10

Халықаралық ынтымақтастық, дистрибуция және сатып алу департаментінің контентті сатып алу жөніндегі менеджер

 

((тұрақты)

 

 

Локация

Астана  қаласы, Қонаев  көшесі, 4

Жұмыс тәртібі

бес күндік

Жұмыс сипаты

бес күндік

Еңбек ақы

Әңгімелесу кезінде

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі лауазымдық міндеттері

1)     телебағдарламалар өнімін ағымдағы және жоспарлы сатып алуды қалыптастырады, халықаралық және отандық теленарықты талдайды, шарттарды жүргізу мен есепке алуды жүзеге асырады;

2)     сатып алынатын телебағдарламалар өнімінің баға талдау картасын тұрақты негізде жүргізеді;

3)     тұрақты негізде қазақстандық кино жаңалықтарының электрондық тізілімін қалыптастырады, фильм жасаушылармен алдын ала келіссөздер жүргізеді, ынтымақтастық туралы типтік ұсыныс жолдайды;

4)     Департамент режиссерлерімен сатып алуға әлеуетті контенттің индексін келіседі, сұрау мен қарауға арналған сілтемелерді орындау мерзімін көрсете отырып жібереді;

5)     Департаменттің кинопоказ бағыты бойынша лицензиялық өнімді сатып алуға қажетті құжаттарды жинауды жүзеге асырады;

6)     телебағдарламалар өнімін сатып алу мәселелері бойынша контрагенттерді тұрақты іздеу, келіссөздер жүргізу және хат алмасуды жүзеге асырады;

7)     шарттарды жасайды, шарт талаптарын Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен келіседі, шарттарға қол қойылған сәттен бастап орындалған жұмыстар актілерін жабуға дейін толық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;

8)     Департаменттің кинопоказына қатысты телебағдарламалар өнімін – көркем, деректі, анимациялық фильмдерді, концерттерді, архивтік бейнематериалдарды, бағдарламаларды, клиптерді, роликтер мен сериалдарды (бұдан әрі – Бейнематериал) сатып алу бойынша жұмысты жүргізеді;

9)     шоттарды төлеуге арналған бастапқы қаржылық құжаттарды дайындайды;

10)  коммерциялық келіссөздер жүргізеді;

11)  Департамент сатып алған бейнематериал үшін төлемдердің уақтылы жүргізілуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды.

Үміткерлерге қойылатын талаптар

Білімге қойылатын біліктілік талаптары

Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын біліктілік талаптары

Сату, маркетинг, аударма қызметі, халықаралық қатынастар, қоғаммен байланыс, бизнес-консалтинг, құқықтану, техникалық ғылымдар мен технологиялар, телерадио хабар тарату, кинематография салаларында, сондай-ақ БАҚ-қа жақын бағыттарда кемінде 1 жылдық практикалық жұмыс тәжірибесінің болғаны құпталады.

Тілдері білу деңгейі

Қазақ, орыс тілдерін еркін білу.

Компенсациялық пакет:


- тұрақты еңбекақы;

- кәсіби өсу;

- компания есебінен оқыту;

- мемлекеттік және кәсіби мерекелерге сыйлықақылар;

- сауықтыруға біржолғы жәрдемақы төлей отырып, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы;

- біржолғы төлемдер / материалдық көмек;

- корпоративтік іс-шаралар.

Пікір айту қағидалары.

Құрметті үміткер

Егер сіз бос жұмыс орнының сипаттамасында мәлімделген біліктілік талаптарына сәйкес болсаңыз, түйіндемені қабылдау: cv@khabar.kz.

Хаттың тақырыбында сіз өтініш білдірген бос орынның атын көрсетуді сұраймыз.

Сұрақтар туындаған жағдайда сіз «Хабар» Агенттігі» АҚ HR департаментіне электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз: cv@khabar.kz немесе телефон арқылы: +7 (7172) 757 495.