Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас менеджері (уақытша)

  • 28
  • 12.05.2026, 10:55

Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас менеджері (уақытша)

 

Локация

Астана  қаласы, Қонаев  көшесі, 4

Жұмыс тәртібі

бес күндік

Жұмыс сипаты

бес күндік

Еңбек ақы

Әңгімелесу кезінде

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі лауазымдық міндеттері

1)     Басқарма мүшелерінің қарауына және қол қоюына келіп түсетін барлық құжаттарды мұқият тексеріп, олардың ішкі талаптарға толық сәйкестігін қамтамасыз етеді;

2)     Басқарма мүшелерінің келушілерді қабылдауын ұйымдастырып, оның үздіксіз жүргізілуін, жоғары сервис деңгейі мен ұйымдастырушылық тиімділікті қамтамасыз етеді;

3)     Басқарма мүшелерінің бөлімше басшыларымен, Қоғам қызметкерлерімен, сыртқы ұйымдармен және азаматтармен жедел әрі уақтылы телефон байланысын ұйымдастырады;

4)     Кіріс, шығыс және ішкі құжаттарды қарау, келісу және қол қою үшін Басқарма мүшелеріне сапалы дайындап, уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді;

5)     Басқарма мүшелерінің тапсырмаларының орындалуына қатаң бақылау жүргізеді;

6)     Электрондық құжат айналымы жүйесінде Басқарма мүшелерінің қарарларына сәйкес кіріс құжаттарға жедел түрде қарар қойып, тіркеуді жүзеге асырады және ықтимал кідірістерді азайтады;

7)     Басқарма мүшелерінің іссапарларына қатысты құжаттарды уақтылы дайындауды, келісуді және қол қоюды қамтамасыз етеді;

8)     Басқарма мүшелерінің қатысуымен өтетін кеңестерді ұйымдастырып, залды дайындауды, материалдарды әзірлеуді, қатысушыларды жинауды және қажетті техникалық қолдауды қамтамасыз етеді;

9)     Барлық шұғыл құжаттарды (қызметтік жазбалар, шарттар, өтініштер және өзге де материалдар) Басқарма мүшелеріне жедел жеткізуді қамтамасыз етеді;

10)  Кеңсенің электрондық пошта жәшігімен жұмысты жүзеге асырады (құжаттарды, файлдарды, макеттерді және өзге де материалдарды қабылдау және жіберу);

11)  Басқарма мүшелері үшін авиа/теміржол билеттерін брондауды және сатып алуды, визаларды рәсімдеуді, қонақүйлерді брондауды және басқа да қажетті құжаттарды дайындауды жүзеге асырады, барлық міндетті рәсімдердің орындалуын және тиісті құжаттаманың жүргізілуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ ұйымның ішкі регламенттері мен стандарттарының сақталуын қамтамасыз етеді.

Үміткерлерге қойылатын талаптар

Білімге қойылатын біліктілік талаптары

Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім. Құжат айналымы және архив ісі саласында сертификаттың болғаны жөн.

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын біліктілік талаптары

Іс жүргізу, ұйым қызметін әкімшілік қамтамасыз ету, құжат айналымы, БАҚ саласында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы қажет.

Кәсіби дағдылары:

Құжат айналымы нормалары мен қағидаларын білу, электрондық құжат айналымы жүйелерімен жұмыс істей білу, Microsoft Office бағдарламаларын (Word, Excel, PowerPoint және т.б.) сенімді меңгеру, іскерлік этикет қағидаларын білу.

Тілдері білу деңгейі

Қазақ, орыс тілдерін еркін білу.

Компенсациялық пакет:


- тұрақты еңбекақы;

- кәсіби өсу;

- компания есебінен оқыту;

- мемлекеттік және кәсіби мерекелерге сыйлықақылар;

- сауықтыруға біржолғы жәрдемақы төлей отырып, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы;

- біржолғы төлемдер / материалдық көмек;

- корпоративтік іс-шаралар.

Пікір айту қағидалары.

Құрметті үміткер!
Егер сіз бос жұмыс орнының сипаттамасында мәлімделген біліктілік талаптарына сәйкес болсаңыз, түйіндемені қабылдау: cv@khabar.kz

Хаттың тақырыбында сіз өтініш білдірген бос орынның атын көрсетуді сұраймыз.

Сұрақтар туындаған жағдайда сіз «Хабар» Агенттігі» АҚ HR департаментіне электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз: cv@khabar.kz немесе телефон арқылы: +7 (7172) 757 495.