Экономика және қаржы департаментінің Жоспарлау-экономикалық бөлімінің жетекші маманы
Локация
Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4
Жұмыс тәртібі
бес күндік
Жұмыс сипаты
Еңбек ақы
Әңгімелесу кезінде
Негізгі лауазымдық міндеттері
1) Бюджеттік өтінімді, даму жоспарын, түзетулерді және олардың орындалуы туралы есептерді қалыптастыру;
2) Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді (ТЖҚ) сатып алу жоспарының даму жоспарына сәйкестігін талдау;
3) Жетекшілік ететін баптар бойынша кірістер мен шығыстарды талдау және бақылау;
4) Шығыс баптарының жіктеуішінің сақталуын бақылау;
5) Әкімшілік шығындардың техникалық-экономикалық нормативтерін әзірлеу және олардың орындалуын бақылау, тариф қалыптастыру;
6) Уәкілетті органға статистикалық есептілікті дайындау және ұсыну.
Үміткерлерге қойылатын талаптар
Білімге қойылатын біліктілік талаптары
Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) экономикалық, қаржылық немесе бухгалтерлік білім.
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын біліктілік талаптары
Экономика және жоспарлау саласындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.
Кәсіби дағдылары:
Бюджетті дайындау және талдау, оның орындалуын және ақша қаражаты қозғалысын бақылау дағдыларының болуы.
Есептілікпен жұмыс істеу, ережелерді, нұсқаулықтарды және регламенттерді әзірлеу қабілеті.
Microsoft Office бағдарламаларымен (Word, Excel және т.б.) еркін жұмыс істеу дағдылары, электрондық құжат айналымы жүйелерімен жұмыс тәжірибесі, сондай-ақ бухгалтерлік есеп пен есептілікке арналған бағдарламаларды (1С: Бухгалтерия және ұқсас жүйелер) білу.
Тілдері білу деңгейі
Қазақ, орыс тілдерін еркін білу.
Компенсациялық пакет:
- тұрақты еңбекақы;
- кәсіби өсу;
- компания есебінен оқыту;
- мемлекеттік және кәсіби мерекелерге сыйлықақылар;
- сауықтыруға біржолғы жәрдемақы төлей отырып, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы;
- біржолғы төлемдер / материалдық көмек;
- корпоративтік іс-шаралар.
Пікір айту қағидалары.
Құрметті үміткер!Егер сіз бос жұмыс орнының сипаттамасында мәлімделген біліктілік талаптарына сәйкес болсаңыз, түйіндемені қабылдау: cv@khabar.kz.
Хаттың тақырыбында сіз өтініш білдірген бос орынның атын көрсетуді сұраймыз.
Сұрақтар туындаған жағдайда сіз «Хабар» Агенттігі» АҚ HR департаментіне электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз: cv@khabar.kz немесе телефон арқылы: +7 (7172) 757 495.