Лауызым
Өндірісті қамтамасыз ету дирекциясы Грим және стиль бөлімінің визажист-шаштаразы
Локация
Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4
Жұмыс тәртібі
ауысымдық
Жұмыс сипаты
Еңбек ақы
Әңгімелесу кезінде
Негізгі лауазымдық міндеттері
1. ауысым кестесіне сәйкес күн сайын визажист-шаштараздың функцияларын орындайды;
2. жаңалықтар және басқа бағдарламалардың жүргізушілеріне, сондай-ақ эфирге қатысуға шақырылған қонақтарға эфирге шығуға дейін кемінде 30 минут бұрын грим жасап, макияжды уақтылы әрі сапалы орындайды;
3. жаңалықтар және басқа бағдарламалардың жүргізушілерінің, сондай-ақ эфирге қатысуға шақырылған қонақтардың бет-әлпет ерекшеліктері мен бағдарламаның стилистикасына сәйкес шаш үлгісін жасайды;
4. жүргізушілердің сыртқы келбетінің бағдарламалардың стилистикасына сәйкес болуын тұрақты түрде қадағалайды;
5. кадрда жұмыс істейтін тілшілерге грим жасап, шаш үлгісін әзірлейді;
6. өзінің пайдалануындағы құралдарды, косметикалық құралдарды және сүлгілерді тиісті жағдайда ұстайды: құралдарды уақтылы жуып, тазартады;
7. жұмыс орнында гигиена және санитария нормаларын сақтайды;
8. өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларына сәйкес үй-жайдың тиісті жағдайда ұсталуын және пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
9. бекітілген ауысым кестесін сақтайды және соған сәйкес жұмыс істейді.
Үміткерлерге қойылатын талаптар
Білімге қойылатын біліктілік талаптары
Жоғары, орта кәсіптік немесе орта білім. Визаж және шаштараз өнері саласы бойынша сертификатының болуы.
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын біліктілік талаптары
Визаж жасау және шаш үлгілерін әзірлеу бойынша практикалық дағдыларының болуы.
Кәсіби дағдылары:
Теледидарға арналған макияж бен шаш үлгілерінің ерекшеліктерін білу, студиялық түсірілімдерге, репортаждарға, сұхбаттарға және тікелей эфирлерге арналған образдар жасай білу. Қысқа мерзім ішінде жұмыс істей отырып, жүргізушілер мен түсірілімге қатысушыларды жылдам әрі сапалы дайындау қабілетінің болуы.
Тілдері білу деңгейі
Қазақ, орыс тілдерін еркін білу.
Компенсациялық пакет:
- тұрақты еңбекақы;
- кәсіби өсу;
- компания есебінен оқыту;
- KPI нәтижелері бойынша сыйлықақылар;
- сауықтыруға біржолғы жәрдемақы төлей отырып, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы;
- біржолғы төлемдер / материалдық көмек;
- корпоративтік іс-шаралар.
Пікір айту қағидалары.
Құрметті үміткер!Егер сіз бос жұмыс орнының сипаттамасында мәлімделген біліктілік талаптарына сәйкес болсаңыз, түйіндемені қабылдау: cv@khabar.kz.
Хаттың тақырыбында сіз өтініш білдірген бос орынның атын көрсетуді сұраймыз.
Сұрақтар туындаған жағдайда сіз «Хабар» Агенттігі» АҚ HR департаментіне электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз: cv@khabar.kz немесе телефон арқылы: +7 (7172) 757 495.