Хабар телеарнасы

«Біз біргеміз» жалпыұлттық телемарафоны | 30.04.2024 | 19:10

«Біз біргеміз» жалпыұлттық телемарафонында алғаш рет еліміздің 10 телеарнасы тікелей эфирде бірігіп хабар таратпақ.

Тасқында антына адалдық танытып, кәсіби міндетін абыроймен атқарған қызметкерлердің ерлігі көрсетіледі. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі жағдай мен апаттан зардап шеккендердің жан тебірентер оқиғалары да ашық айтылады. Ол үшін 8 өңірден тілшілер тікелей байланысқа шығады.