Қоқыстан жаңа өнім шығару. ECO MEKEN. 2-шығарылым /Экомекен. 2-выпуск
«ECO MEKEN» – экологиялық тақырыптағы алғашқы қазақстандық реалити-шоу. Бұл жолы қатысушылар Петропавл қаласына барып, күрделі сынақтан өтті.
1-тапсырма: супермаркетке барып, күнделікті қолданатын азық-түлік, тұрмыстық химия, косметика және канцелярия сияқты заттарды таңдау керек. Жай таңдау жарамайды, басты талап, ол өнімдер Қазақстанда екінші қайтара өңделуі шарт.
2-тапсырма: екінші рет өңделетін қоқысты сұрыптап, оны жуып, кептіріп, түйіршікке айналдырып, өнім шығару қажет. Көп өнім жасаған команда жеңіске жетеді.