05:02Эфирде: Телесериал. «Стражи Отчизны»
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Астананы Ақмолаға көшіру. «30 жылдың ой толғауы»

Астананы Ақмолаға көшіру. «30 жылдың ой толғауы»

«Отыз жылдың ой толғауы» – еліміздің жаңа дәуірдегі тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған бағдарлама.
1994 жылдың 6 шілдесінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы Кеңестің пленарлық отырысында сөз сөйлеп, астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру мәселесін көтерді. Жаңа бастамаға сенімсіздік танытқандар аз емес еді. Бірақ Нұрсұлтан Назарбаев Ақмоланың астана болуға лайық екенін 32 түрлі өлшеммен дәлелдеді.
Ең маңыздысы, Ақмоланың географиялық тұрғыдан қолайлы болуы. Қала тоғыз жолдың торабында орналасқан. Ол арқылы еліміздің экономикалық аймақтарын және көршілес мемлекеттердің шекаралас өңірлерін байланыстыратын ірі теміржол желілері өтеді. Сондай-ақ зілзаладан қауіпсіз, жер ресурстарына бай, сулы-нулы өлке. Осындай нақты дәлелдерден кейін Жоғарғы Кеңес астананы көшіру туралы қаулы қабылдады.

Сондай-ақ...