07:00Эфирде:Мультсериал «Малышарики»
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

«Хабар» арнасы жаңа маусымда көрерменге 12 телехикая ұсынады

Zhana mausym

Олардың ішінде көпшіліктің көзайымына айналған мелодрамалар мен күлкіге қарық қылатын комедиялар бар.

Сондай-ақ демалыс күндері қызыққа толы бағдарламалар мен зияткерлік сайыстар ұсынылады. Ал жаңалықтар қызметінің тілшілері тосын оқиғаларды қалт жібермей, сараптама жасап, астарлы ақпарат жеткізетін болады.

«Central Asia’s Got Talen» жобасы – әлемдегі ең танымал теле бағдарламардың бірі. Бұл жоба елімізде алғаш рет өткізілгелі отыр. Талайды тамсандырған жобаның соңғы сайысы 22 желтоқсанда өтеді. Жүзден жүйрік деп танылған ең дарынды өнерпазға 10 млн теңге сыйақы табысталады.

«Topjarǵan» музыкалық шоуының алғашқы маусымы көрермен көңілінен шықты. Ал екінші маусым бұрынғыдан да қызықтырақ болады. Халықаралық музыкалық шоудың барлық бөлімін «Хабар» телеарнасы қазанның басында көрсетеді.

Айдос Тұрысбек, «Хабар» телеарнасының бас продюсері:

- Жылдан жылға отандық сериалдарға деген сұраныс өте жоғары. Биыл 12 телехикаяның тұсауы кесіледі. Соның алғашқылары осы жаңа маусымның бірінші аптасында шығады. «Армандастар», «Мәдениет үйі» комедиялары, «Кебенек», «Дала қырандары» атты әскери драма бар. Оның сыртында «Көкжал», «Бекзат» сынды спорттық драмалар бар.

Әлеуметтік өзекті тақырыпты қозғап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленген «Қарлығаш ұя салғанда» отбасылық телехикаясының ІІ маусымы 3 қыркүйектен бастап сағат 20:40-та эфирге шығады.

Ұстаздардың мәртебесін көтеруді мақсат тұтқан 15 бөлімнен тұратын «Балтакөлде бақытым» телехикаясы 2 қыркүйекте көрерменге жол тартады.

Жаңалықтар қызметінің тілшілері елді елең еткізер жаңалықтарды бүкпесіз, боямасыз айтып, астарлы ақпарат жеткізуге асығады. Ел тұрғындарының көкейінде жүрген күрмеуі көп, шешімі жоқ мәселені шешуге бағытталған жаңа айдар ашылады.

Айгүл Әділова, «Хабар» телеарнасының Ақпараттық және сараптамалық бағдарламалар департаментінің директоры:

- 2 қыркүйектен бастап спорт жаңалықтарын көрсетеміз. Ел ішінде және халықаралық додаларда үздік атанған спорт саңлақтары жайлы айтып, футбол, бокс сынды көпшілік көз тіккен спорт түрлерін толық қамтитын боламыз. Одан бөлек, шешімін таппаған әлеуметтік мәселелерге жан-жақты зерттеу жасалып, тұрғындарды толғандырған сұрақтарды жауаптылармен бірге шешуге ықпал етеміз.

Авторлары: Мерей Қалиасқар, Мейрамбек Ахмаханов, Канат Абильдин

Сондай-ақ...

Серіктестердің жаңалықтары