«Хабар» Агенттігі YouTube желісінің күміс батырмасын алды
Арнада ұлттық әдет-ғұрып пен салт-дәстүрді дәріптейтін бірнеше бағдарлама көрсетіледі. Қазақ халқының шығу тегі, ата-бабасы, тарихи жолы туралы жобалар көрерменнің көзайымына айналған. Ұлт зиялылары, ақын-жазушылар туралы телеочерктер көрсетіледі. Қазір арна сайтының 135 мыңға жуық көрермені бар. Ал «Хабар TANYM» YouTube желісінде «Хабар» телеарнасының ақпарат-танымдық бағдарламалары көрсетіледі. Оған 146 мыңнан астам адам жазылған.
Самсон Безмятежный, Genesis YouTube Central Asia директоры:
- «Хабар» Агенттігінің 1 млн жазылушысы үшін алтын батырманы жеңіп алғаны естеріңізде шығар. Енді «Хабар TANYM» күміс батырманы иеленіп отыр. «Kazakh TV» телеарнасы да осындай жеңіске жетті. Әлемнің бірнеше еліне телеөнім тарататын канал үшін бұл маңызды. Біз «Хабар» Агенттігімен серіктестік орнатқанымызды ерекше бағалаймыз. YouTube желісінде Агенттіктің барлық телеарнасына 6 млн адам жазылған.