«Хабар» телеарнасында «Орындалмас арман» телехикаясы басталады
Телехикая 25 жастағы Қайрат пен оның отбасында болып жатқан сан-алуан оқиғаларды баяндайды. Басты қақтығыс Қайрат пен өгей әкесінің арасында өрбиді. Шетелден білім алып, Алматыға барған Қайрат өзінің жүрек қалауы Іңкәр есімді арумен тағдырын қосқысы келеді. Бірақ бұл шешімге анасы қарсы шығады. Себебі неде? Оның жауабын 13 қазан, сағат 22:30-да көрсетілетін жаңа телетуындыдан біле аласыздар.
Малика Маратқызы, телехикая редакторы:
- Жалпы бұл телехикаяның халыққа берері мол деп ойлаймын. Өйткені бұл жерде отбасы мен бизнес саласында күрес жүреді.