«Хабар» Агенттігі шынайы оқиғаларға негізделген көркемфильм түсіріп жатыр
Елдің рухын көтеріп, отанды сүюге тәрбиелейтін кинокартина арамызда жүрген бүгінгі күннің батырларына арналады.
50 киноновелладан тұратын фильмнің осындай бір сериясы ақтаулық полицей жайлы. Кино желісі бойынша қылмыскерлердің қолына түскен 1,5 жасар қызды құтқару жолында тәртіп сақшысы түрлі кедергілерге тап болады. Баланы іздеуге ақтаулық күш құрылымдары түгел жұмылдырылады. Ақырында капитан мен қыздың кездесу сәті шынайы бейнеленіп, көрерменге ұмытылмас әсер қалдыратыны сөзсіз. Айта кетейік, полицей рөлін Төребек Сайлауұлы сомдаған.
Төребек Сайлауұлы, актер:
- Кейіпкердің батылдығы, сонымен қатар полиция мен кішкентай нәрестенің арасындағы мейірімділік, адамгершілік қасиеттері баяндалады. Қазір мен ойнап жатқан кейіпкер ақылды және дұрыс шешім қабылдайды. Кәсіби шеберлігі арқылы нәрестені, қылмыскерлерді табады.