Хабар телеарнасы

«Хабар» Агенттігі қызметкерлері медальдармен және мақтау қағаздарымен марапатталды

«Хабар» Агенттігі қызметкерлері медальдармен және мақтау қағаздарымен марапатталды

«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі «Хабар» телеарнасының директоры Динара Бисембина мен жоспарлау-қаржы департаментінің директоры Сәуле Тәжібаеваға берілді.

«Құрмет» дипломы «Хабар 24» телеарнасының шығарушы редакторы Арман Әменовке, «El arna» телеарнасының режиссері Әсел Игісіноваға, Алматы филиалының өндірісті қамтамасыз ету бөлімінің бас инженері Сергей Дмитриевке, техникалық дирекцияның эфирді қамтамасыз ету бөлімі Айдын Темірғали мен техникалық дирекцияның видеотека бөлімінің редакторы Жанар Құрмановаға берілді.

Сондай-ақ «Хабар 24» телеарнасының директоры Алена Горбачева ҚР Парламенті Сенатының сертификаты мен сыйлығына ие болды.