05:02Эфирде: Телесериал. «Стражи Отчизны»
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Junior Еurovision – 2021: Ұлттық іріктеу финалистерінің байқауға дайындығы басталды

Junior Еurovision – 2021: Ұлттық іріктеу финалистерінің байқауға дайындығы басталды

Junior Eurovision – 2021 байқауының Ұлттық іріктеуі финалына бір аптадан аз уақыт қалды.

28 қазаннан бастап өнерлі жастардың музыкалық қойылымға дайындықтары басталды. Жас орындаушылар барша қазақстандықтың алдында 6 қараша күні өнер көрсетеді.

Балалардың дайындық бағдарламасы жаттығу сабақтары, фотосессия, танымал әртістердің шеберлік сыныптарына қатысу және елорданың көрнекі жерлеріне экскурсияға бару сияқты шараларды қамтиды.

27 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласында Ұлттық іріктеу финалистерінің кездесуі өтті. Жиынға жиналған жас таланттар бір-бірімен танысып, өткен жылдардың жеңімпаздары – Ержан Максим мен Қарақат Башановамен жүздесті.

Хамит Шаңғалиев, музыкалық продюсер:

- Балалармен вокал, актерлік шеберлік және хореография бойынша педагогтар айналысады. Музыкалық материалмен жұмыс жасау барысында қатысушылар өздері үшін жаңа мүмкіндіктер мен стильдерді ашатынына сенімдімін. Алдымызда жоба форматына сәйкес келетін әндерді таңдап қана қоймай, баланың вокалдық қабілетін барынша ашатын композицияны жасау сияқты маңызды міндеттер тұр.

Биыл Junior Eurovision – 2021 байқауының Ұлттық іріктеуіне 9-14 жас аралығындағы 819 бала өтінім берді. Олардың арасынан қазылар алқасы 30 қатысушыны іріктеп алды. Келесі кезеңде қатысушыларға барша қазақ халқы дауыс берді. Қазақстандықтар Париждегі Junior Eurovision – 2021 байқауында елімізді таныстыру құқығы үшін бақ сынайтын 10 кандидатты таңдады.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық іріктеудің тікелей көрсетілімі 6 қараша күні «Хабар» телеарнасында өтеді.

Сондай-ақ...