Хабар телеарнасы

«Хабар» телеарнасында «Түнгі хабар» ойын-сауық бағдарламасының тұсауы кесіледі

түнгі хабар

Жобаның басты мақсаты – «Хабар» телеарнасының көрермендеріне көтеріңкі көңіл күй сыйлау. Бағдарламаны елімізге белгілі «Өнер қырандары» театрының белді актерлары Мадияр Серікбаев және Жанболат Найзабеков жүргізеді.

«Таң түннен басталады! Түнде «Түнгі хабарды» көріп, таңды «Таңғы хабармен» бастаңыз!», - деді танымал әзілкештердің бірі Жанболат Найзабеков.

Әр бағдарламада белгілі бір тақырып талқыланады. Көзі қырағы көрермен тікелей эфирге қоңырау шалу арқылы немесе инстаграм желісі арқылы тақырыпқа үн қосып, бағдарламаға қатыса алады.

«Tungi habar» бағдарламасын әсем әуенмен әрлейтін музыкалық ансамбль жанды дауыста ән шырқайды. Жаңа бағдарламада көрерменді эксклюзивті сұхбаттар, үздік әзілдер мен жұлдызды қонақтар күтуде.

Бағдарламаның бірінші қонағы кім болмақ? Алғашқы шығарылымда қандай тақырып талқыланады? Осы сауалдардың жауабын «Хабар» телеарнасындағы «Tungi habar» бағдарламасынан көріңіздер. Таңертең көтеріңкі көңіл күймен оянып, күні бойы сергек жүргіңіз келсе, түнде «Түнгі хабарды» тамашалаңыз!