«Хабар» Агенттігінің Басқарма Төрағасы үндістандық делегациямен кездесті
13 шілде күні «Хабар» Агенттігінің Басқарма Төрағасы Берік Уәли белгілі үндістандық продюсер, актер, кәсіпкер Харман Баведжамен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар атқарылып жатқан іс-шаралар жөнінде пікір алмасып, болашақ киножобаларды жүзеге асыру перспективаларын талқылады.
«Бүгінгі таңда Агенттіктің жалпыға бірдей хабар таратумен қатар отандық киноиндустрия саласына елеулі үлесін қосып келе жатқаны баршаға мәлім. Бұл кездесудің кино саласының дамуы және өзекті тақырыптарды анықтау мақсатында пайдасы зор. Үндістандық аудиторияның талғамы бөлек. Әлем өзгеріп жатқан заманда ізденіс пен дамуға деген талпынысты тұрақты құбылысқа айналдыуымыз қажет», – деді «Хабар» Агенттігінің басшысы Берік Уәли.
Айта кетерлігі, үндістандық делегация Қазақстанға көркем фильм түсіріліміне локация іздеу мақсатымен келді. Болашақ киноөнім RSVP және Baweja Studios компанияларымен жүзеге асырылады.
Анықтама үшін: «Хабар» Агенттігі шетелдік медиа компаниялармен әріптестік әлеуетін жандандыру жолында. Өндірілетін контент ерекшелігіне байланысты Агенттік Орталық Азия хабар таратушылары үшін табысты туындыларына арналған форматтарды, франшизаларды іске асыру туралы мәселені пысықтауда жұмыс жасап жатыр.